JAGUAR ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРІ

JAGUAR ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРІ

Өзіңіз үшін Jaguar электрлік жүйелерінің мүмкіндіктерін ашыңыз.

Динамикамен таңғалдырады, өмірді жеңілдетеді. Jaguar автокөлігімен электржетекке ауысу барлық жағынан тиімді. Бұл ретте
автокөліктердің танымал динамикасы өзгеріссіз қалады. Оның негізінде жатқан технология күннен күнге анағұрлым ақылды және экологиялық болып келеді.

ЖАРЫС ТРЕГІНЕН ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНЫСТАҒЫ ЖОЛДАРҒА

ЖАРЫС ТРЕГІНЕН ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНЫСТАҒЫ ЖОЛДАРҒА

Электрмобильдер арасындағы жарыс серияларында алған тәжірибені ескере отырып жасалған біздің алғашқы толығымен электрлік кроссоверіміз Jaguar I-PACE небәрі 2,8 секундта 0-ден 100 км/сағ дейін (2,2 секундта 0-ден 60 миля/сағ дейін) үдей алады. Бұл іс жүзінде шуылсыз және шығарындылардың нөлдік деңгейімен жүргізіледі.
ТҰРАҚТЫ, АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ТҰРАҚТЫ, АҚЫЛҒА ҚОНЫМДЫ БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1935 жылдан бастап біздің жұмысымыздың негізгі қағидаты шектеулерге қарсы тұру болды. Электрлендіру де ерекшелік болған жоқ. Керісінше, ол біздің брендтің барлық өкілдеріне тән динамикасымен және таңғажайып дизайнымен ерекшеленетін экологиялық таза және зияткерлік автокөліктер жасауға көбірек мүмкіндіктер ашады.

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

ТӨМЕН ИЕЛІК ЕТУ ҚҰНЫ

ТӨМЕН ИЕЛІК ЕТУ ҚҰНЫ

Электр энергиясы бензинге немесе дизельдік отынға қарағанда арзанырақ. Сонымен қатар электржетекті автокөліктердің иелері айтарлықтай салық жеңілдіктерін алады. Қосымша артықшылықтары — кептелістен зардап шегетін аудандарға кіру үшін, шығарындылар немесе тұрақ үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ

ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Электрмобиль көп жағдайда үйде зарядталатындықтан, уақытыңызды тиімдірек жоспарлауға болады. Кешке автокөлікті зарядтап, таңертең уайымдамай, жолға шығыңыз.
ЗИЯНДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ ЖОҚ

ЗИЯНДЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ ЖОҚ

Тек аккумулятормен жұмыс істейтін автокөліктер нөлдік газ шығарындыларында ең көп қуатқа жеткізе алады. National Grid үнемі жаңартылатын ресурстарды қосатындықтан, электрмобильдердің энергиясы жылдан жылға тазарып келеді.
ӘСЕРЛІ КӨЛІК ЖҮРГІЗУ

ӘСЕРЛІ КӨЛІК ЖҮРГІЗУ

Электржетек шудың төмен деңгейімен ерекшеленіп қана қоймай, сондай-ақ берілістерді ауыстырып қосу кезінде кідіріссіз және жұлқусыз лезде үдетуді қамтамасыз ете алады. Осының арқасында кез келген жылдамдықта ерекше жүріс жатықтығы мен басқару жеңілдігі қамтамасыз етіледі.

ЭЛЕКТРМОБИЛЬ СІЗГЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОЛАЙЛЫ

Go I-PACE тегін қолданбасы сапарларыңызды талдайды, электрмобиліңізді қайда және қашан зарядтауға болатынын, сондай-ақ қаншалықты үнемдей алатындығыңызды көрсетеді.

JAGUAR ЭЛЕКТРЖЕТЕГІНІҢ ҮШ ТҮРІ

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІК (BEV)

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК АВТОКӨЛІК (BEV)

Тек қана электр қозғалтқыштармен және аккумуляторлық батареяның энергиясымен іске қосылатын Jaguar толығымен электрлік күштік қондырғысы пайдаланылған газдарды шығармай, спорттық автокөлікке тән іс жүзінде шуылсыз қозғалысты қамтамасыз етеді.
ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИД (PHEV)

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИД (PHEV)

Іштен жану қозғалтқышы мен электр мотордың үйлесімі арқасында электр желісінен қосымша зарядталатын (PHEV) Jaguar гибридті автокөліктері шығарындылардың нөлдік деңгейімен жұмысқа сапарлар жасауға және барынша ұзақ қашықтықтарға жол жүру кезінде бензиндік қозғалтқыштың артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік береді.
«ЖҰМСАҚ» ГИБРИД ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР НҰСҚА (MHEV)

«ЖҰМСАҚ» ГИБРИД ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР НҰСҚА (MHEV)

«Жұмсақ» гибрид технологиясы бар (MHEV) жетілдірілген электрмен жабдықталған күштік қондырғысы СО2 шығарындыларын азайтуды2 және отынды қосымша үнемдеуді қамтамасыз етеді. Ол жиі тоқтау керек болатын қалада жүру үшін өте қолайлы.

ҚАЙ НҰСҚАНЫ ТАҢДАЙСЫЗ?

Қандай автокөлікті таңдау керектігін білу үшін көлік жүргізу стиліңіз туралы 5 қарапайым сұраққа жауап беріңіз — толығымен электрлік, электр желісінен қосымша зарядталатын гибридті немесе дизельдік не бензиндік қозғалтқышы бар.

ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРЛІК ЖӘНЕ ГИБРИДТІ JAGUAR АВТОКӨЛІКТЕРІ

Толығымен электрлік және гибридті марка модельдерінің модельдік қатарымен танысып, өзіңіз үшін Jaguar электрмен жабдықталған автокөліктерінің әлемін ашыңыз.

ЭЛЕКТРМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

МЕН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ ЖОЛҒА ШЫҒА АЛАМЫН?

МЕН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҰЗАҚ ЖОЛҒА ШЫҒА АЛАМЫН?

Сапардың ұзақтығын арттыру және автокөліктің заряд деңгейін барынша тиімді қолдану туралы барлық қажетті ақпаратты алыңыз.
ТӨМЕН ИЕЛІК ЕТУ ҚҰНЫ

ТӨМЕН ИЕЛІК ЕТУ ҚҰНЫ

Салық жеңілдіктерінен және сатып алған кездегі жеңілдіктерден бастап барынша төмен пайдаланушылық шығындарға дейін — электрмобиль сізге күн сайын ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.
ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ

ҮЙДЕН ЗАРЯДТАУ

Үй жағдайында сіздің толығымен электрлік немесе гибридті автокөлігіңізді қосымша зарядтау — күніңізді ең көп заряд деңгейімен бастаудың ең ыңғайлы тәсілі.
ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ

Қоғамдық зарядтау станцияларының үнемі өсетін желісі үйден тыс зарядтауды барынша ыңғайлы етеді.

СІЗДЕ ЭЛЕКТРЛІК JAGUAR БАР МА?

Электржетегі бар автокөліктерге қолжетімді мүмкіндіктерді қолданыңыз және электрмобильді үйде және сапарларда зарядтауға қажетті қарапайым қадамдарды зерттеңіз.

Jaguar Land Rover Limited компаниясы үнемі автокөліктерінің сипаттамаларын, дизайны мен өндірісін, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері мен аксессуарларын жетілдіруге тырысады. Біз алдын ала хабарламай, өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз.

  • Отын шығынының ресми көрсеткіштері: қ.а. (қолданыла алмайды); I-PACE моделі үшін көрсеткіштер, кВт·сағ/100 км (миль): 22,0–25,2 (35,4–40,5) аралас циклында энергия шығыны. CO2 шығарындылары2 0 г/км. Электрлік тарту күшінде жүріс қоры: 470 км (292 миля) дейін. Келтірілген деректер толығымен зарядталған батарея кезінде ЕО заңнамасына сәйкес өндірушінің ресми тесттері нәтижесінде алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. Қуат тұтыну және жүріп өту қашықтығының көрсеткіштері жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағдар және батарея күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдар бойынша жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

^ CO2 шығарындыларының көрсеткіштері2, отынды үнемдеу, энергияны тұтыну және жүріс қорының көрсеткіштері жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, тасымалданатын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер мен аксессуарлар сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.